Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

AstanaTV
09.04.2018ж. 20:00
3309
Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы мүмкін. Ким Чен Ын АҚШ билігімен бітім жасауға дайын. Мұны The Wall Street Journal Ақ үй шенеуніктеріне сілтеме жасап жазды. Елді елең еткізген ақпарат барлық жерде тарап кетті. Бұған дейін Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы жаңа ядролық қаруды сынақтан өткізеді деген мәлімет жарияланған еді. Дегенмен америкалық шенеуніктер таратқан ақпарат көптің қорқынышын сейілтті. Бұл Ким Чен Ынның Қытай президентімен кездесуінде жасалған келісімдердің нәтижесі болуы мүмкін. Ал Аспан асты елі  жаппай қырып-жоятын қаруды қолдануы мүмкін материалдар мен технологияларды Пхеньянға экспорттауға тыйым салған. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын орындау аясында жасалды. Ақпарат Қытай сауда министрлігінің ресми сайтында жарияланған.