$447.73 €502.98 ₽5.35

Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады

Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырда көтерген «Вашингтон моделі» бастамасын қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жасанды Интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында мәлімдеді. Жиында еліміздің осы саладағы бірнеше басым бағыттары айқындалды.

2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізуді көздейтін ұлттық кешенді экожүйесі түзіліп жатыр. Президент соңғы 5 жылда осы технологияға негізделген патенттердің үлесі 3 есе өскенін айтып, Қазақстан бұл үрдістен қалыс қалмауы қажеттігін ескертті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дегенмен экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін еңбек өнімділігін арттырып, өнеркәсіп базасын жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге мән беру қажет. Бұл мақсатқа жетуде жасанды интеллектінің атқаратын рөлі айрықша. ЖИ-дің шынайы құндылығы сол – адам әлеуетін күшейтеді.

Десе де, әлеуеті зор технологияның жауапкершілігі де аз емес. Осы орайда, Мемлекет басшысы Жасанды Интеллектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Вашингтон моделін» құптайтынын жеткізді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайды. Осы орайда, аталған мәселе бойынша сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсына аламыз.

Жиын соңында Президент кеңестің келесі отырысын Жасанды Интеллектіні көлік-логистика саласында кеңінен қолдану тақырыбына арнауды ұсынды.