Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада көкөніс құнын 2 есеге арзандататын мүмкіндік бар - Ербол Есенеев

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
2447
Астанада көкөніс құнын 2 есеге арзандататын мүмкіндік бар - Ербол Есенеев

Астанаға келетін көкөністердің құнын 2 есеге дейін арзандататын мүмкіндік бар. Ол үшін  көтерме және тарату орталықтарын салу қажет. Бұл туралы сенатта өткен дөңгелек үстел барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры айтты. Оның пайымынша, Астана көршілес облыстармен ғана алыс-беріс жүргізбей, өзге өңірлерге де жол ашуы тиіс.

Ербол Есенеев, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры:

Шығыс өңірі балық пен бал, картоппен толық қамти алады Астананы. Батыс қой, жылқы еті бар. СҚО - сүт ірі қара еті. ОҚО - жеміс, көкеністер. Сол өнімдерді шығару үшін өз бағасы әлдеқайда арзан. Мысалы, оңтүстік көкенісі Астанада өсіргенше 30 пайызға төмен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің дерегінше, Астана тұрғындарын табиғи таза сүтпен толық қамтамасыз ету мақсатында 60-қа жуық сүт қабылдау орталығы ашылады деп жоспарланған. Жалпы алғанда Елорда халқы қазір табиғи таза өнімдермен тек 50 пайызға қамтылып отырған көрінеді. Қалғаны импорттың еншісінде.