Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыдағы автобекеттер талапқа сай ма?

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
2478
Алматыдағы автобекеттер талапқа сай ма?

Алматыдағы автобекеттерде қауіпсіздік ережелері сақталмайды, оның үстіне ғимараттар әбден ескірген. Бұл туралы Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысында айтылды. Арнайы комиссия  автобекеттер мен темір жол вокзалдарының қазіргі жағдайын бақылауға алған. Нәтижесінде «Сайран» халықаралық автобекетінің кеңес кезеңінен бері жөндеу көрмей жұмыс істеп тұрғаны анықталды. «Саяхат» автобекетінің дәл ортасында базар орналасқан. Ал, нан тағамдарын сататын шағын дүңгіршектерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Жиынға келген «Саяхат» автобекетінің басшысы жағдай мәз еместігін мойындады. Себебі 10 жыл бұрын 23 бағытқа жолаушы тасымалдаған орталықта қазір тек 10 тасымалдау бағытына ғана автобустар шығып жүр. Оның өзі де сирек екенін айтты.