Таразда 24 жастағы жігітті өз үйінің алдында өлтіріп кетті. Көргендердің айтуынша, аулада оған бір топ адам шабуыл жасаған. Бірнеше жерінен пышақ сұққан соң, жігіт жерде қансырап жатқанда тұрғындар жедел жәрдем шақырыпты. Дәрігерлер келгенімен жігітті аман алып қалу мүмкін болмаған. Қанды қылмыс болған жерде жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірген.
БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдікті тұлға ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.