$453.65 €509.99 ₽5.31

«Әділет» партиясының Жастар қанаты «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» жобасының тұсауын кесті

AstanaTV
06.10.2026ж. 19:00
«Әділет» партиясының Жастар қанаты «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» жобасының тұсауын кесті

«Әділет» партиясының Жастар қанаты «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» жобасының тұсауын кесті. Президент тапсырмасы негізінде қолға алынған бастаманың мақсаты - гаджетке телміргендердің арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, ойы ұшқыр, өрісі кең әдеби орта құру. Енді Оралдағы Махамбет университетінің студенттері ай сайын бір кітапты таңдап, сол шығарманы талдайды. Ұйымдастырушылар Григорий Петровтың "Финляндия қалай оянды?" кітабын таңдапты. Олар тілі жеңіл әрі көлемі ықшам бұл туындының жастарға қызықты боларына сенімді. Әрі кітап өркениеттен тыс қалған батпақты өңірдің озық елге айналу жолын баяндайды. Алғашқы кездесуде оқырмандар клубының жұмысы мен алдағы жоспары талқыланды.

ЕРЛІК ШАМҒАЛИ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі ақпараттың көптігі, технологиялардың қарқынды дамуына байланысты күнделікті смартфон, гаджетті пайдаланған жастардың кітап оқуға қызығушылығы болмауы мүмкін. Сондықтан да біздер осы жеңіл технологияларды пайдалана отырып, жастардың кітапқа деген қызығушылығ қызығушылығын арттыруға өзіміздің септігімізді тигіземіз деген ойдамыз.

Түркістанда да  жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқырман ұрпақ» жастар қозғалысы іске қосылды.  Жоба аясында  өңір жастарын біріктіретін кітап клубтары құрылады. Клуб мүшелері ай сайын бір кітапты таңдап, оны бірге оқып, мазмұнын талқылайды.  «Оқырман ұрпақ»  -кітапсүйер жастардың басын қосатын тұрақты әдеби алаңға айналмақ.

ЕРКЕБҰЛАН МАДИЯРҰЛЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл оқырман клубының жұмысы біз алдағы уақытта түрлі форматта жалғастырғымыз келеді. Тек дөңгелек үстелдің басында бас қосып, сол кітаптан 2-3 сұрақ тауып соны әркімнің өзінің жауабын тыңдау  ғана емес, ол жерде квиздер өткізу, пікір сайыстар өткізу. Одан бөлек қазіргі уақытта үлкен тенденцияға айналып келе жатыр интеллектуалды ойындар.