$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шүлбі ГЭС-і әкімдікті ескертпей, екі күн бойы апатты деңгейде су босатқан

AstanaTV
29.03.2018ж. 20:00
4320
Шүлбі ГЭС-і әкімдікті ескертпей, екі күн бойы апатты деңгейде су босатқан

Шүлбі су қоймасынан екі күннен бері әкімдікке ескертпей, плотинадан апатты деңгейде су босатқан. Салдарынан Семейде үйлерді су шайып, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді.  Бүгін өңірде өткен шұғыл жиында Даниал Ахметов 1-26 наурыз күндері секундына 500-721 текше метр су айдаса, 28 наурыздан бастап су апатты деңгейде, яғни екі есе көп босатылғанын айтты. Ертіс бассейні басшылығы мұны күннің күрт жылып, судың қауіпті деңгейден асып кеткенімен түсінідірді. Плотина қауіпсіздігі үшін, апатты жағдайда босатуға көшкендерін айтып ақталды. Мұндай жауап әкімнің ашуын шақырды. 

Даниал Ахметов,  Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Вы прекрасно знали, что 11 марта были проливные дожди 2 дня, но не приняли никаких мер, ничего не начали спускать, а потом вдруг в течение 1 ночи обнаружили, что у вас начинает подниматься  уровень, и начали топить мне часть г. Семея. Кому вы врёте?

Бүгін құтқарушылар Ертісте мұз жарумен айналысты. Бұл сеңдерді қозғап, ағыстың жылжуына әкеледі, дейді. Алайда жағаға жақын көп қабатты үйлерге жарылыстың зардабы тиіп кетті. Тұрғындар қабырғалар шытынап, әйнектер сынғанын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.

Бүгінде Бесқарағай ауданында 11 елді мекенді су басу қауіпі бар. Ал Шүлбідегі шамадан тыс су босату мәселесін облыстық прокуратура тексереді. 

Құсаин Игембаев, Шығыс Қазақстан облысының бас прокуроры:

Біз Семейдегі су басу жағдайын құқықтық жолмен бүге-шігесіне дейін тексереміз. Келесі жолы қайталанбауы үшін, нақты себебі мен адами фактордың бар-жоғын анықтаймыз. Барлық прокурорлар қазір жағдайды зерттеп жатыр.