Олар Бакуде өткен әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Ута 52 кг-ға дейінгі салмақта, ал Хифуми 66 кг-ға дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл Ута үшін әлем чемпионының алтыншы титулы болса, Хифуми үшін бесінші титул.
Ута олимпиаданың әрі әлемнің бес дүркін чемпионы. Тәжірибе мен суыққандылық жапон жұлдызын тағы да финалға алып келді. Ол бастапқы кезеңнен сенімді өтіп, шешуші сәттердегі қысымды еңсерді және кезекті әлемдік титул үшін күресін жалғастырды.
Финал тактикалық әрі тартысты өтті, бірақ Ута Абэ өз титулын қорғап, алты дүркін әлем чемпионы атанды. Ол әлем чемпионаттарында әлі де жеңіліссіз келеді.