Аргентина құрамасының капитаны, танымал футболшы Лионель Месси ұлттық құрамадағы соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Astana TV.
Аргентина Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенин құрамасын қыбылдады.
39 жастағы шабуылшы жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтып, ұлттық құрамадан абыроймен кетіп бара жатқанын жеткізді.
Тамыз айының соңында ол ұлттық құрамадан кететіні туралы ресми хатын жариялап, қазан айында қоштасу матчын өткізу үшін Буэнос-Айреске келді.
Месси ұлттық құрама сапында 20 жылдан астам уақыт доп тепті. Ол 2005 жылы дебют жасап, рекордтық 207 матч өткізіп, 125 гол соқты.
Ұлттық құрама сапында әлем чемпионы (2022), екі дүркін Америка кубогының жеңімпазы (2021, 2024), Финалиссиманың жеңімпазы (2022) және Олимпиада чемпионы (2008) атанды.
Бірақ ол АҚШ-тың «Интер Майами» клубы сапында MLS турнирінде өнер көрсетуін жалғастырады.