Қызылордада «Маусымашар – 2026» жайдарман фестивалінің шымылдығы түрілді. Оған облыс орталығы мен аудандардағы жоғары оқу орындары және колледждерден 15 команда қатысты. Алғашында әзіл мен тапқырлық бәсекесіне 30-ға жуық топ бақ сынаған. Тек іріктеуден өткендер ғана үлкен сахнаға жолдама алды. Олар «Заң мен тәртіп Әділетті Қазақстан үшін!» тақырыбында әзіл өрбітіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді ұтымды жеткізе білді. Талантты жастар 5 кезең бойынша бақ сынамақ. Жүлде қоры да қомақты. Іс-шараны «Әділет» партиясы жастар қанатының облыстық филиалы талантты өрендердің шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырған.
ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әр ойын сайын кубоктық ойындар, арнайы сертификаттар табыстайды және биылғы жүлде қоры 1 млн теңге деп арнайылап қойып жатыр. Маусым бойы ойнайды. 1\8,1\4, жартылай финалдан бастап командалар азаяды. Мықтылары финалған өтеді. Сөйтіп финалдық ойындарда 5 команда өнер көрсетіп, үздік шыққандары біздің жүлде қорға таласады. Және сол жүлде қоры арқылы республикалық ойындарға жолдама алады.