$453.93 €508.72 ₽5.35

Күн суытады

09.10.2026ж. 21:08
Күн суытады
фото: pixabay

«Қазгидромет» болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

 10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанып отыр.