Павлодарда қызмет көрсету саласында оқитын колледж студенті сабақ кезінде үшінші қабаттан секіріп кетіп, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Astana TV Kerek.pv паблигіне сілтеме жасап.
Павлодар облыстық Полиция департаменті қаладағы колледждердің бірінде 18 жастағы студенттің өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», — деді полиция өкілдері.