$453.93 €508.72 ₽5.35

Кондиционер орнатып жатқан жұмысшы 15-қабаттан құлады

Кондиционер орнатып жатқан жұмысшы 15-қабаттан құлады
Фото: ТЖМ

Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды

Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған. Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған, деп хабарлайды Astana TV. 

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.

ТЖМ ескертеді: биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет.