$453.93 €508.72 ₽5.35

СЭС басшысынасы айыппұл салынды

СЭС басшысынасы айыппұл салынды
ашық дереккөз

Әкімшілік жауаптылыққа басқарма басшысы тартылды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру нәтижесімен асхананы тоқтату туралы ұйғарым шығару барысында аудандық прокуратураны ескертпеген, деп хабарлайды Astana TV.

Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық прокуратурамен Бөкей ордасы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы ӘҚБтК-тің 666-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда айыппұл толықтай өндірілді.

Прокуратура бұндай заң бұзушылықтарға жол берілген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа көзделгені туралы ескертеді.