$453.93 €508.72 ₽5.35

Психикалық денсаулық: қашан көмекке жүгінген жөн?

Психикалық денсаулық: қашан көмекке жүгінген жөн?
Ашық дереккөз

Мазасыздық, көңіл күйдің түсуі және эмоционалдық күйзеліс өмірдің әртүрлі кезеңдерінде кездесуі мүмкін. Алайда мұндай жағдайлар күнделікті өмірге кедергі келтіре бастағанын дер кезінде байқау маңызды. 

Неге назар аудару керек?

Көңіл күйдің ұзақ уақыт төмен болуы немесе тұрақты мазасыздық.

Бұрын қызығушылық тудырған істерге ынтаның жоғалуы.

Ұйқының, тәбеттің немесе энергия деңгейінің өзгеруі.

Зейін қоюда, қарым-қатынас жасауда, жұмыста немесе оқуда қиындықтардың туындауы.

Егер мұндай өзгерістер ұзақ уақыт сақталса, күшейсе немесе өмір сапасына айтарлықтай әсер етсе, маманға жүгінген жөн.

Көмекті қайдан алуға болады?

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) дәрігеріне, психологқа немесе психикалық денсаулық орталығына жүгінуге болады. Жастар сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарында (ЖДО) психологиялық қолдау ала алады.

Көмек қажет, бірақ кімге жүгінеріңізді білмейсіз бе?

ҰҒДСДО сайтында «Сенім және анонимді көмек қызметі» жұмыс істейді. Мұнда өз жағдайыңызды құпия түрде сипаттап, психологқа анонимді өтініш жолдай аласыз.

Барлық қиындықты өз бетіңізше еңсеру міндетті емес. Кәсіби көмекке жүгіну - әлсіздіктің емес, өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың белгісі.