Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесу 18-ші сәуірде мәлім болады

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
2035
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесу 18-ші сәуірде мәлім болады

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта кездесудің болар-болмасының нақты шешімі 18-ші сәуірде мәлім болады. Аllboxing.ru порталы тәртіптік тыңдалым осы датаға белгіленген деп хабарлады. 

Естеріңізге салсақ, даудың басы Сауль Альварестің допинг сынама тапсырғанда, қанынан кленбутерол деп аталатын тыйым салынған допингтің табылуынан туындаған еді. Мексикандық о баста қазақстандық спортшымен 5-ші мамырда жұдырықтасады деп жоспарланған. Тіпті билеттердің басым бөлігі де өтіп кеткен болатын. Ақпарат құралдары қазір кездесудің жарнамасы да тоқтатылғанын хабарлады. Ал кей жанкүйерлер алған билеттерін қайта өткізіп жатқан көрінеді.