Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Көш көлікті болсын» акциясы азаматтық ала алмай жүрген оралмандар мәселесін қарады

AstanaTV
30.03.2018ж. 20:00
4233
«Көш көлікті болсын» акциясы азаматтық ала алмай жүрген оралмандар мәселесін қарады

Қазақстанға көшіп келгеніне 20 жылдан асса да түрлі себептермен азаматтық ала алмай жүрген оралмандар азаяр емес. Бірнеше баласы бар, алайда, сәбилеріне құжат алмаған отбасылар өте көп. Астанада өткен «Көш көлікті болсын»  акциясы осындай азаматтардың мәселесін қарады. Шараға «Нұр Отан» партиясы бастамашы болған. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде мұндай акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған көші-қон саясаты бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын орган өкілдері қатысты. Еліміздің барлық облыстарынан, Астана мен  Алматы қаласынан тұрғындар бейнебайланысқа шықты. Барлығының мәселесі бір біріне ұқсас. Құжат толтыруда кеткен қателіктен немесе өзге де салғырттықтың салдарынан азаматтыққа қолдары жетпей жүр.

Қайрат Бодаухан , "Асар" республикалық ҚБ төрағасы:

Оралмандардың өздеріне де байланысты, көп уақыт жүріп қалады, құжаттарын жоғалтады, соның әсерінен 20 жылға дейін азаматтықсыз жүргендер бар, құжатымыз жоқ, барсақ, жауапқа тартады, штрафқа ұрынамыз деп, қашып-пысып жүретіндер де бар. Ашық түрде жариялап, мұндай азаматтар болса, келіп хабарласып, жағдайын түсіндіріп, белгілі дәрежеде ретке келтіру жөнінде мәселелер бар.