10 қазанда Vietjet әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстерді іске қосты, деп хабарлайды Astana TV.
Ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.
Алматыдан Ханойға ұшу уақыты шамамен 6 сағат 10 минут, ал Прагаға 7 сағат 35 минут. Рейстер 377 жолаушыға арналған Airbus A330-300 ұшақтарымен орындалады.