$453.93 €508.72 ₽5.35

Қызылжарда макарон фабрикасында жұмысшы қайтыс болды

Қызылжарда макарон фабрикасында жұмысшы қайтыс болды

Қызылжарда макарон фабрикасында жұмысшы қайтыс болды. Оқиға түнгі уақытта болды. Макарон жасау кешеніде екінші ауысымда жұмыс істеген қос жұмысшы қондырғыны тоқтатып, нан илегішті тазаламақшы болған. Темір қалақтардан қамырдың қалдықтарын түсіріп жатқан кезде қондырғы кенеттен қосылып кетіп, 35 жастағы жігітті ішіне тартып әкеткен. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Абырой болғанда екінші жұмысшы кешеннен секіріп үлгерген.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, СҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылды. Топ мүшелері жазатайым оқиғаның себебі мен кінәлі тұлғаларды анықтауы тиіс. Сондай-ақ, қондырғыны тазарту марқұм болған азаматтың міндетіне кірді ме? Осы мәселені анықтау қажет. Сот медициналық сараптама бір ай дайындалады.