Алматыда есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың басшысы Ресейден экстрадицияланды. Күдікті 2021 жылдан бастап ақшаға мұқтаж адамдардың басын қосып, қылмыстық әрекетке тартып, мефедрон өндірумен және таратумен айналысқан. Есірткі өндірісі Алматыда басталып, кейін Қазақстанның өзге өңірлерінде де жалғасқан. Бас прокуратураның мәліметінше, қалада бірнеше есірткі зертханасы жұмыс істепті. Солардың бірінде есірткі әзірлеп жатқан екі адам ауыр химиялық уланып, көз жұмған. Соған қарамастан ісін жалғастырып, басқа жаңа адамдарды алған. Күдікті 2025 жылы елге экстрадицияланып, бүгінде тергеу изолятрына қамалды.
ЕРЛАН ЖАНПЕЙСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
2025 жылғы шілдеде күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Елге экстрадицияланды. Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.