$453.93 €508.72 ₽5.35

Конституциялық Сот Төрағасы Венеция комиссиясының пленарлық отырысына қатысты

AstanaTV
12.10.2026ж. 19:00
Конституциялық Сот Төрағасы Венеция комиссиясының пленарлық отырысына қатысты

Венецияда Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының 148-пленарлық отырысы өтті. Жиынға 47 мемлекеттің өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ институттарының мүшелері қатысты. Ал Қазақстан атынан Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова барды. Отырыста конституциялық реформалар, мемлекеттік органдардың қызметі, сот тәуелсіздігі және сайлау құқықтарына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар азаматтардың шетелде дауыс беру тәртібі мен үкімет мүшелерінің қылмыстық жауаптылығы жөніндегі баяндамалар қаралды. Қазақстанның комиссия жұмысына қатысуы конституциялық құқық саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеуге, құқық үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында тәжірибе алмасуға жол ашады.