$453.93 €508.72 ₽5.35

Құрылтай фермадан бастап тұтынушыға дейін ет сапасын бақылауды күшейту мақсатында заң жобасын талқылады

Құрылтай фермадан бастап тұтынушыға дейін ет сапасын бақылауды күшейту мақсатында заң жобасын талқылады

Қасапшыдан бастап, тұтынушыға дейін ет сапасы бақыланады. Құрылтай ветиринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, төрт түлік малды вакцинациялау, мал сою алаңдарының жай-күйін бақылау, мал ұрлығының алдын алу шараларын күшейту жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, ветеринарлар мамандарды әлеуметтік қолдау, жалақысын көтеру, тиісті киіммен және құрал-жабдықтармен қамту, біліктіліктерін көтеруге жағдай жасау және өзге шаралар көзделіп отыр. Құрылтай депутаттары отандық ет өндірушілерге қолдау көрсету сынды маңызды мәселелерді де назардан тыс қалдырмайтындарын жеткізді.

БОТА ЕЛЕУСІЗОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мал өнімдерін есепке алудан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта қауіпсіздікті сақтауға бақылауды күшейтілуге тиіс. Сонымен қатар, ветеринар мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, яғни жалақыларының өсуі, арнайы киім, құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. Және де оларға білімін көтеруге, оқуға жағдай жасалады. 

ТАСҚЫН ҚЫЗАЙБАЕВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан аумағында фармацевтикалық инспекторлар деген ұғым енгізілуде. Яғни, болашақта бұл заң қабылданғаннан кейін ветеринариялық препараттарды өндірушілерге GNP стандарты бойынша сертификат бере аламыз. Сонымен қатар, өз елімізде ветеринариялық санитариялық инснпекторлардың құрамына фармацевтикалық инспекторлардың құзіреттерін де кіргізетін боламыз.