Оқиға 10 қазанда сағат 22:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сәтбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Astana TV Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бен оның танысы арасында жанжал туындаған. Сол кезде ер адам қызға пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Кісі өлтіруге күдікті ретінде Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.