Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті.
Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригесті жеңген еді.