Ақтөбеде әйелді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұрын екеуі таныс болған.
Араларында жанжал туындап, суық қаруды сұғып алған. Ол бейнежазба камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Күдікті Атырау қаласының тумасы, 28 жаста. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
СЕРІК ШАЛҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда, тергеу барысы облыстық полиция департаментінің басшыларының бақылауында. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдык кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.