$451.31 €504.56 ₽5.36

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
Фото: ҚР ОСК

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысында көрсетілген.

Қаулы Мемлекет басшысының 2026 жылғы 12 қазандағы «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» № 1521 Жарлығы негізінде қабылданған.

Құжатқа сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Ал партиялық тізімдер мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы елорда, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларына, сондай-ақ округтік сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу және өткізу жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қаулы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланады.