$450.62 €504.2 ₽5.36

Робот 16 жасар бойжеткенге жыныстық сипатта тиіскен: полиция тергеу бастады

Робот 16 жасар бойжеткенге жыныстық сипатта тиіскен: полиция тергеу бастады
Фото: BILD

Германияның Кёльн қаласында полиция роботтың қатысуымен болған жыныстық тиісу дерегін тергеп жатыр

BILD басылымының хабарлауынша, бойы 1,2 метр болатын құрылғы 16 жастағы бойжеткеннің артынан жақындап келіп, бөксесінен ұстап, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасай бастаған.

Оқиға 11 қазанға қараған түні қала орталығындағы мейрамхана маңында болған. Бұл сәтте бойжеткен қасындағы екі құрбысымен бірге тұрған.

Болжам бойынша, роботтың 16 жастағы иесі мен оның 19 жастағы досы болған жайтты видеоға түсіріп, құрылғының әрекеттерін сипаттап, әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген.

Полиция шақырылғаннан кейін тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушыларды көп уақыт өтпей маңайдан тапты. Ал роботты ол кезде көліктің жүксалғышына тығып үлгерген екен. Полицейлер құрылғыны және күдіктілердің екі ұялы телефонын тәркіледі.

Қазір тергеушілер роботтың қалай басқарылғанын және оның әрекетін біреудің арнайы бағыттаған-бағыттамағанын анықтап жатыр. Полиция жыныстық сипаттағы тиісу күдігі бойынша тергеу ісін қозғады.