$448.45 €501.59 ₽5.36

Республиқалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті

Республиқалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті
Фото: pixabay

Мектеп-интернаттағы тағы сегіз бала оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынды

Оқиға туралы оқушылардың жақындары кеше кешке әлеуметтік желіде жаза бастады, деп хабарлайды Astana TV Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасап. 

«Алматы РФММ — бұл не сұмдық! Қайда қарап отырсыздар?! Менің жиендерім ауруханаға түсіп қалды! Жалғыз менің туыстарым емес, басқа да ата-аналардың балалары жатып қалған! Уланған дейді! Кейбірінен ішек таяқшасы табылған! Негізінен интернаттың балалары ауырып жатыр! Бұған қалай жол бердіңіздер?» — деген ашу-заңға толы жазба Threads желісінде пайда болды.

Бүгін таңертең қалалық Денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың уланғанын растады.

«2026 жылғы 12–13 қазанда Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына Республиқалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясының белгілерімен жатқызылды. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Интернаттағы тағы сегіз бала оқшауланып, оларға да медициналық бақылау орнатылды».

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернат пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық сараптамаға сынамалар алды. Жағдай жауапты қызметтердің жіті бақылауында.