Астанада бүгін, 14 қазан күні сағат 20:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуі тиіс болған музыкалық кеш тоқтатылды, деп хабарлайды Astana TV ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Іс-шараны ұйымдастырушы тарап туындаған қолайсыздықтар үшін елорда тұрғындары мен көрермендерден шын жүректен кешірім сұрайды. Сондай-ақ тұрғындарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.
Сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару үшін көрермендер билеттерді сатып алған онлайн платформаларға хабарласуы тиіс. Қаражатты қайтару процедурасы Ticketon.kz, Kino.kz немесе Livetickets.kz сервистері арқылы жүзеге асырылады.