Атырауда егістікпен айналысатын шаруа қожалықтары түгелдей су үнемдеу технологиясына көшкен. Биыл 10 мың 100 гектар аумақтағы егін осындай үнемдеу технологиясымен суарылыпты. Оның 5600 гектарына жаңбырлатып суару, ал қалғанына тамшылатып суару әдісі қолданылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі мың гектарға артық екен. Тіпті былтырдан бері аймақта жаңбырлатып суару қондырғысын шығаратын арнайы зауыт құрылған. Олар егіс алқаптарына былтыр 30, биыл 50 арнайы агрегат орнатып үлгерген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының сөзінше, шаруагерлерге мемлекет тарапынан ауқымды көмек көрсетіліп келеді. Суды үнемдеу табиғи су көзін сақтацға талпыныс қана емес, сапалы әрі мол өнімнің кепілі,- дейді мамандар.
АЗАТ ҚАПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Су үнемдеу технологиясын қолдануға 80 пайызға дейін субсидияланады. 50 пайызы республикалық бюджеттен болса, 30 пайызы жергілікті бюджет есебінен қолданылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шаруа қожалықтар егіс алқаптарында және мал азығын өсіру әдісінде су үнемдеуді қолданып, мүмкіндікті пайдаланып, қолдаулары артып келе жатыр.