$450.62 €504.2 ₽5.36

9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон табылды

9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон табылды
Фото скрин

Алматыда тапанша мен бес оқ-дәрі тәркіленді. Оны әйел Есентай өзенінің маңындағы қоршаудан тауып алған, деп хабарлайды Astana TV.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында әйелді ұстаған. Оның жанынан калибрі 9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон табылған. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Әйел ұсталғанға дейін бір-екі сағат бұрын тауып алған. Оның сөзінше, қару Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінде жатқан көрінеді.

Полицияның баспасөз қызметі бұл мәліметті тексеру қажет екенін атап өтті. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.