$450.62 €504.2 ₽5.36

Ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырған

Ауруханасының бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырған
Фото: Әбілқасым Есентаев

Сот үкімімен Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан,сондай-ақ 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Astana TV.

Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесіндеауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқыру фактісі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Сонымен қатар, бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.