$450.62 €504.2 ₽5.36

СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты

СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты
фото скрин

Астана-Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты. Олар мінген көлік екі жүк көлігінің ортасында қалған, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы оқиға 15 қазан күні сағат 08:00-де Кременчуг ауылына жақын маңайда болған. «Audi» көлігіне мінген олар екі жүк көлігінің ортасында қалып, мыжылып қалған. Үшеуі де алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кетті.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ал өзге көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан «Audi» жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы қаза тапты. Аталған автокөліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Өзге көлік құралдарының жүргізушілері зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады полиция.

Полицейлер жүргізушілерге жылдамдықты шамадан тыс асырмау керек екенін, сол сияқты қауіпсіз ара қашықтықты сақтау мәселесін ерекше ескертті. Ал тұман, көктайғақ уақытта және көріну деңгейі нашарлаған сәтте көлікті барынша сақ жүргізу қажет.