$452.12 €508.95 ₽5.41

Алдағы күндері ауа температурасы 25 градусқа дейін жылиды

17.10.2026ж. 07:34
Алдағы күндері ауа температурасы 25 градусқа дейін жылиды
фото: pixabay

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар, ал батыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды Astana TV.

“Қазгидромет” болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұман түседі, шығыста көктайғақ болады. Батыста  найзағай ойнайды. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.

-Батыста: күндіз температура +18…+25°C болады.

-Солтүстік-батыста: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20°C-қа дейін құбылады.

-Солтүстікте: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6°C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17°C-қа дейін жылы болады.

-Орталықта: күндіз негізінен +10…+20°C болады.

-Шығыста: түнде 0…+5 °C-тан -1…-6°C-қа дейін өзгереді. Күндіз +3…+12°C, таулы аудандарда -2 °C болады.

-Оңтүстікте: түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25°C болады.

-Оңтүстік-шығыста: күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8°C болады.