$454.14 €509.23 ₽5.41

Ақмола облысындағы алтын шахтасынан екі мәйіт табылды

Ақмола облысындағы алтын шахтасынан екі мәйіт табылды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентіндегі шахтадан екі күнде екі мәйіт табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, марқұмдар алтын өндіретін аумаққа заңсыз кірген. Қайғылы жағдай жайлы алдымен әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Кейіннен полиция оқиғаны растап, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Бестөбе кенішінде мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Биыл  мамыр айында да алтын іздеп, кенішке заңсыз кірген тағы екі адам қаза тапқан болатын.

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды. Екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның нақты хронологиясын қалпына келтіріп, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.