Семейде қоқыс контейнерінен өлі күйінде табылған нәрестенің өліміне қатысты бұрынғы полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, әйел жүктілігін айналасындағылардан жасырып, қыз баланы үйінде босанған. Кейін сәби өлі туғанын айтқан. Алайда сараптама нәрестенің тоңып, үсіп қайтыс болғанын анықтады. Сондай-ақ тергеу барысында баланың әкесі де оқиғаға қатысы бар екені белгілі болды. Ол нәрестені қоқыс контейнеріне тастап кеткен. Сот 21 жастағы анасына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда ол рақымшылыққа ілінді. Ал 26 жастағы әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, баланың ата-анасының екеуі де ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сот үкімімен олар арнайы атақтарынан да айырылды.