$454.14 €509.23 ₽5.41

Газ құю бекетінің иесі 4 жылға сотталды

AstanaTV
16.10.2026ж. 19:00
Газ құю бекетінің иесі 4 жылға сотталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде үш адамның өмірін қиған өртке қатысты сот үкімі шықты. 57 жастағы кәсіпкер кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Газ құю бекетінде орын алған жантүршігерлік  оқиға 19-маусым күні түнде болған еді. Қаланың қақ ортасындағы газ құю бекетінде көлік өртеніп, ішіндегі әйел мен екі бала жанып кетті. Ал 54 жастағы ер адам жансақтау  бөліміне жатқызылған болатын.

ЕДІЛ ҚҰДАЙБЕРГЕН, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 281-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 3 жылға жарылыс қаупі бар объектілерде басшылық лауазымдарды атқару құқынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 46-бабының 5-бөлігінің 1-тармағына сәйкес жаза өтеу орны қылмысты атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде тағайындалсын.