$452.12 €508.95 ₽5.41

Алматылықтар суға жарты миллиард теңге қарыз

AstanaTV
16.10.2026ж. 19:00
Алматылықтар суға жарты миллиард теңге қарыз

Алматылықтардың суға қарызы 550 миллион теңгеден асып кетті. Оның жартысына жуығы көпқабатты үйлердің тұрғындарына тиесілі. Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу керек. Қаражат уақытылы түспесе, ертесінен өсімпұл жүре бастайды. Ал төлем ұзақ уақыт жасалмаса, мекеме өкілдері суды шектеп не мүлдем тоқтатып, берешекті сот арқылы өндіруге құқылы. Қазірдің өзінде 2000 тұтынушының үстінен сотқа арыз жазылғанын айтады.

СЕРІК ШАГИРОВ, «АЛМАТЫ СУ» КӘСІПОРНЫ ӨТІМ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші желтоқсанға дейін біз толық қарыздың сомасын өтесе, үстіндегі өсімпұлды, яғни пеняны алып тастауға жол бар. Тұтас төлей алмаймын деген тұтынушыларға бірнеше айға арнайы кепілдік хатпен созып беруге де мүмкіндік бар. Яғни кесте бойынша 3 немесе 4-5 айға созуға біз дайынбыз.