$454.14 €509.23 ₽5.41

Атырауда жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап кетті

Атырауда жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап кетті

Атырауда жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап кетті. Мінбесатымен жоғарыға шығып бара жатқан.  Жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жанындағы  39 жастағы жұмысшыға темір тиіп  жарақат алыпты.  Ол алғашқы көмектен соң үйіне жіберілген. Оқиға бойынша көліктегі полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

ЕРБОЛ ИМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

1984 жылғы науқас  ауыр жарақатымен,  ауыр бас ми жарақаты қосымша омыртқа жарақатымен. Өазіргі уақытта науқас реанмация бөлімшесінде жағдайы күрт ауыр.  Кеше тиісті операциясы өткізілді.  Қазіргі таңда барлық медициналық көмек көрсетілуде науқасқа. 

АЗАМАТ АРИКОВ, АТЫРАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ КӨЛІКТЕГІ  ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ:

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактысы  бойынша Атырау станциясында көліктегі полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мәселенің мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесс кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.