$452.12 €508.95 ₽5.41

Нанның ішіне телефон жасырған: Павлодарда түрмеге тыйым салынған зат өткізбек болды

Нанның ішіне телефон жасырған: Павлодарда түрмеге тыйым салынған зат өткізбек болды
Polisia.kz

Павлодар облысындағы №63 мекемеге нанның ішіне ұялы телефон жасырып кіргізу әрекеті тоқтатылды. Құрылғы сәлемдемені тексеру кезінде табылған, деп хабарлайды  Astana TV.

Polisia.kz мәліметінше, телефон тергеу изоляторында отырған күдіктіге арналған нан өнімінің ішіне жасырылған. Құрылғы жұмыс істеп тұрған күйде болған.

Осы факті бойынша азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабымен хаттама толтырылды. Құжаттар сотқа жолдауға дайындалып жатыр.

Биыл Павлодар облысындағы ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттарды шай қаптамасына, печенье қорабына, шоколадқа, майлықтардың арасына және құрылыс материалдарының ішіне жасырып өткізу әрекеттері де тіркелген.