$452.12 €508.95 ₽5.41

Астанада адам қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

17.10.2026ж. 09:35
Астанада адам қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада ұялы телефонмен сөйлесіп отырып, 57 жастағы әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісі 2 жыл 1 айға сотталды, деп хабарлайды Astana TV.

Сондай-ақ ол бес жыл бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

 Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды, Астанада адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісі жазаланды делінген хабарламада.