$452.12 €508.95 ₽5.41

Алматыда күдік тудырған затты тастап қашқан ер адам ұсталды

Алматыда күдік тудырған затты тастап қашқан ер адам ұсталды
istockphoto.com

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тастап кеткен заттың ішінен майлы сұйықтық табылған, деп хабарлайды Astana TV.

Алматының Түрксіб ауданында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған затты тастап, қашуға тырысқан 26 жастағы ер адамды ұстады.

Оқиға Үлкен Алматы каналының бойындағы саябақта болған. «Буран-811» экипажының полицейлері ер адамның оғаш әрекетін байқап, оған жақындаған. Алайда ол қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тастап кеткен заттың ішінен майлы сұйықтық табылған. Ұсталған азамат оның каннабис майы болуы мүмкін екенін айтқан. Дегенмен заттың нақты құрамы сараптама нәтижесінде анықталады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Ұсталған азамат Алматы облысының тұрғыны. Өз айтуынша, Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде уақытша жұмыс істейді. Қазір мамандар заттың құрамын және оның тыйым салынған заттарға жататынын анықтап жатыр.