$452.12 €508.95 ₽5.41

Монша өртенді

17.10.2026ж. 18:20
Монша өртенді
Фото: ТЖМ

Көкшетау қаласында  монша кешендерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел барлау жүргізіп, қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берген жоқ. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт 30 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.