2027 жылы Ораза айт 9 наурызда, ал айттың бірінші күні 16 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды Astana TV.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті,
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.