$452.12 €508.95 ₽5.41

Екпе алмаған балаларда жұқпалы аурулар ауыр өтеді

17.10.2026ж. 21:40
Екпе алмаған балаларда жұқпалы аурулар ауыр өтеді
Фото: pixabay

Екпе алмаған балаларда жұқпалы аурулар ауыр өтіп, пневмонияға, есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүретін отитке және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

«Өз тәжірибемде екпе алмаған балалар арасында отит, соның ішінде есту қабілетінен айырылуға әкелген жағдайлар, сондай-ақ пневмония кездеседі. Кейде жұқпалы аурулар құрысу синдромымен қатар жүреді», – дейді бейнероликтегі маман.

Мәселен, пневмококк инфекциясына қарсы екпе осы қоздырғыш тудыратын аурулардан, соның ішінде пневмония мен менингиттен қорғайды.

Екпесіз ауырған балаларда иммунитет қалыптасуы мүмкін. Алайда мұндай жолмен қорғанудың құны тым жоғары: кейде аурудың өршуіне әкеліп жатады.

Дәрігерлер балаларға ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес уақтылы екпе салдыруға кеңес береді.

Баланың дене қызуы жоғарылап, қатты әлсіреп немесе басқа да алаңдатарлық белгілер байқалса, медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізше ем қолданбаңыз.