$452.12 €508.95 ₽5.41

Үсік, көктайғақ: 18 қазанға арналған ауа райы болжамы

18.10.2026ж. 05:20
Үсік, көктайғақ: 18 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соқса, кейбір облыстарда үсік пен көктайғақ болады деп болжануда, 

«Қазгидромет» ақпаратынша, Атырау және Маңғыстау облыстарында күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұл өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіліп, түнде топырақ бетінде -1°С үсік жүреді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында түнде ауа температурасы -2…-7°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Астана, Көкшетау, Қарағанды және Петропавл қалаларында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.