$452.12 €508.95 ₽5.41

Қарттар үйінің тұрғыны үш адамды пышақтап тастады

Қарттар үйінің тұрғыны үш адамды пышақтап тастады
Фото: BILD

Күдіктінің айтуынша, бұған өзін басқалардың шеттеткісі келіп, қудалағаны себеп болған

Германияның батысындағы қарттар үйінде тұрғын көршілеріне пышақ салып, бір әйел мерт болды, деп хабарлайды Astana TV. 

Ольфен қаласындағы «Санкт-Витус-Штифт» қарттар үйіндегі жұма күнгі кешкі ас қайғылы жағдаймен аяқталды. 72 жастағы ер адам мекеменің үш тұрғынына пышақ ала ұмтылған. Салдарынан 86 жастағы қария көз жұмды, тағы екі әйел ауыр жарақатпен Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы ауруханаға жеткізілді.

BILD басылымының мәліметінше, мүгедектер арбасымен жүретін қаскөй жәбірленушілерді мойын тұсынан пышақтаған. Күдікті тергеушілерге шабуылдан кейін пышақты жуып, орындықтың жәшігіне салып қойғанын айтқан. Кейін өз бөлмесіне барып жатқан. Полицияның хабарлауынша, ол ешқандай қарсылық көрсетпей қолға түскен.

Зейнеткер полицияға бірнеше жыл бойы басқалардың мазақ етіп, қысым көрсеткенін, шабуылға осы жәбірлеу әрекеті түрткі болғанын жеткізді. Қазір ауыр жарақат алған екі әйелдің жағдайы ауыр болғандықтан, әзірге олардан жауап алу мүмкін болмай тұр. Ал күдікті полицияның күзетімен психиатриялық клиникаға қамалды.

Алдыңғы жаңалық