Алматы қаласының Алмалы ауданында, Жамбыл көшесінде екі ярусқа орналастырылған 40 контейнерден жабдықталған қоймада өрт шықты. Өрт екі қабатты әкімшілік ғимаратқа ішінара таралған, деп хабарлайды Astana TV.
Қойманың ішінде тауарлық-материалдық құндылықтардың көп болуы, жоғарғы температура және ішке кірудің қиындығы өрт сөндіру жұмыстарын күрделендірді.
Өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.