$452.12 €508.95 ₽5.41

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогының финалына шықты

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында Франция құрамасын жеңді

Шпагамен семсерлесуден сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын 45:40 есебімен ұтып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті, деп хабарлайды Astana TV.

Енді ұлттық құрама жарыстың алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңген болатын.