$452.12 €508.95 ₽5.41

Қазақстанда маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі бар ма?

Қазақстанда маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі бар ма?
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Astana TV. 

Министрлікт маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

«Әлемнің бірнеше елінде ауру тіркелгендіктен және халықаралық көлік қатынасы белсенді болғандықтан, инфекцияның Қазақстан аумағына жету ықтималдығын жоққа шығармаймыз», - деп хабарлайды денсаулық сақтау минситрлігі.

Дегенмен, министрлік қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен дейді.

Қазір инфекцияның алдын алу үшін Қазақстан мемлекеттік шекарадағы тексеруді күшейткен, ауру тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайды және осы мемлекеттерден келген азаматтарды қатты тексеретін болған.

Айта кетейік, қазір Ресейде маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханада жатыр.